Бүгін - жазушы Дулат Исабеков дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - жазушы Дулат Исабеков дүниеге келген күн

20.10.2016
Бүгін - жазушы Дулат Исабеков дүниеге келген күн

20 қазан, бейсенбі, 2016 жыл

 
Бүгін 
- Бүкіләлемдік остеопороздың алдын ала емдеу күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, Ұлыбританияның Ұлттық остеопороз қоғамының ұйымдастыруымен 1999 жылдан бастап аталып өтіледі.

Бүгін - Халықаралық авиадиспетчер күні

Амстердамда 1961 жылғы 20 қазанда авиация диспетчерлері қауымдастықтарының Халықаралық федерациясы құрылды. Бұл оқиға әуе көлігін дамыту тарихындағы елеулі кезеңге айналып, енді ол нақ осы мерзімге - Халықаралық авиадиспетчер күніне орайластырылды, сөйтіп жаңа кәсіби мейрамның өмірге келуіне негіз болды.

олю

Дүниежүзілік статистика күні

2010 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясының 41-ші сессиясында Дүниежүзілік статистика күнін құру туралы шешім қабылданды. 2010 жылғы 3 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясы 2010 жылғы 20 қазанды алғашқы дүниежүзілік статистика күні деп ресми жариялаған қарарды қабылдады.

блл

Халықаралық бас аспапшы күні

Мереке 2004 жылдан атап өтіледі


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

83 жыл бұрын (1933) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізі қаланды. Білім ордасының ашылу салтанаты 1934 жылы қаңтардың 15-інде өтті. Алғашқы кезде университет құрамында физика-математика және биология факультеттері болды. Бүгінгі таңда республиканың беделді оқу орындарының бірі.

ьроро

82 жыл бұрын (1934) Семей мемлекеттік педагогикалық институтының іргесі қаланды. Алғаш Семей мұғалімдер институты болып ашылған. 1937 жылдан педагогикалық институт болып өзгерген.

олю

19 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп жарияланды.

12 жыл бұрын (2004) Мемлекет басшысы Ресейдің және Қазақстанның ғарышкерлерімен кездесті.

7 жыл бұрын (2009) Астанада «Қазақ елі» монументі салтанаты түрде ашылды.

пта

4 жыл бұрын (2012) Доминикан Республикасында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге Астана өтінімінің таныстырылымы өтті.

2 жыл бұрын (2014) Ақмола облысы Ақкөл қаласында қаланың халық көп шоғырланған көшелерінің бірінде Ауған соғысында (1979-1989 жж.) қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге монумент ашылды.


ЕСІМДЕР

108 жыл бұрын (1908-1983) актер, Қазақстанның Халық әртісі Сіләмбек ҚЫДЫРАЛИН дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-1999) жазушы, журналист Күлиман ЖҮНІСОВА дүниеге келген.

лобол

84 жыл бұрын    (1932-2016) «Сарыарқа» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының редакторы, ақын, прозашы, журналист-публицист, қоғам қайраткері   Нұрғожа Нарынбайұлы ОРАЗ   дүниеге келді.

жъ

81 жыл бұрын (1935-1990) журналист, аудармашы, жазушы, сыншы Төлеген ТОҚБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1936) Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ізбасар РАҚЫМБАЕВ дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1941-2002) ақын Кәрім САУҒАБАЕВ дүниеге келді.

ьо

74 жыл бұрын (1942) жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

ошд
66 жыл бұрын (1950-1998) актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Тоқсын ҚҰЛЫБЕКОВ дүниеге келді.

лоюолю

53 жыл бұрын (1963-2008) ауыр атлет, ауыр атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Анатолий Михайлович ХРАПАТЫЙ дүниеге келді.

рьпр
41 жыл бұрын (1974) ақын, халықаралық және республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері Бақытжан АЛДИЯР дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу