От-жалынымен Жер жүзін шарпыған II Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл – 70 жыл. Жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында ерлікті ту қылып биік ұстаған қазақстандық батырлар қаншама? Алайда, олардың барлығы бірдей елге қайтпады, ерлігі еленбей қалғандары да жетерлік.
Олар туралы қандай да бір дерек тауып, батырлығын халыққа жария ету – бүгінгі ұрпаққа аманат. Бүгінгі «Айтуға оңай...» ток-шоуы елеусіз қалған ерлердің бірі – Жұмаділ Әубәкіровке арналмақ.
Жауынгер соғыста Әзілхан Нұршайықов, Сақтаған Бәйішевтермен бір отрядта болған. Алайда, соғыстан қайтпаған, тіпті сүйегі қайда жатқаны белгісіз. Великие Луки түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан жауынгер туралы хабарды бүгін Ұлттық арнадан 21.05-те көре аласыздар.