Үндістанда мұздық өзенге құлап, су тасқынынан 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда мұздық өзенге құлап, су тасқынынан 12 адам қаза тапты

08.02.2021

Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауынан алып мұздық өзенге құлап, дамбаны ашып жіберген. Салдарынан төменге қарай тасқын жүріп, топырақ көшкіні болды. Апат кезінде тау арасындағы жазықтықта 12 адам қаза тауып, 192 тұрғын жоғалып кетіп, 25-і құтқарылған. Ізім-қайым кеткендердің көбі – екі гидроэлектр станциясының жұмыскерлері болса керек. 

Оқиға орнына жүздеген жауынгер мен дәрігер және әскери тікұшақтар жіберілді. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу