Павлодар облысында бюджеттің 560 млн теңгесі желге ұшты
Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлердің бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды. Мәселен, өңірлік ақпараттындыруды дамыту орталығының лауазымды тұлғалары 110 млн теңгені жоқ қылған. Ал бұл қаржы ауылдық жерде және қоғамдық орындарда WI-FI орнатуға бөлінген. Шенділер цифрландыру процесін тек қағаз жүзінде орындай салған. Ал Ақсу қаласында құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы көп қабатты тұрғын үй салып жатқан мердігерге алдын ала 450 млн теңгені аударып жіберген. Тапсырылатын мерзімі жетіп, одан кейін жылдар өтсе де ол үйдің құрылысы әлі біткен жоқ. Осы екі дерек бойынша өңір прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.
Әділ Жұмабеков облыстық Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры:
Прокурорлық тексеру барысында бұл жұмыстарды орындамау фактілері анықталды. Яғни, орындалмаған жұмыстар үшін мердігерге ақша төленген. Қазіргі таңда келісімшарт жойылған. Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06