Таулы Қарабақта соғыс жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақта соғыс жалғасып жатыр

29.10.2020

Таулы Қарабақта Әзірбайжан мен армян күштерінің арасындағы соғыс әлі жалғасып жатыр. Әзірбайжан әскері 26 жыл бұрын айрылған бес аудан орталығын – Джебраилды, Гадрудты, Физулиді, Зангеланды, Кубатлыны қайтарды. Тараптар АҚШ-тың, Ресейдің, Францияның арағайындығымен үш рет ымыра жариялады. Алайда атыс тоқтамай тұр. Екі жақ бір-біріне қарсы дрондар мен артиллерияны, ауыр техника мен зымырандарды қолданып жатыр. Қыркүйектің 27-нен бері 100-ден астам бейбіт тұрғын мен Таулы Қарабақтың 1120-ға жуық сарбазы мерт болыпты. Ал Әзірбайжан қанша жауынгер жоғалтқаны әзірге белгісіз.

Арыстан Рысбек

Таулы Қарабақ Әзірбайжан Армениния

Хабарламаларға жазылу