Қарағандыда жерасты өтпе жолында қалған иесіз чемодан елді дүрліктірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жерасты өтпе жолында қалған иесіз чемодан елді дүрліктірді

17.09.2015
Қарағандыда жерасты өтпе жолында қалған иесіз чемодан елді дүрліктірді

Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайына барар жерасты өтпе жолында қалған иесіз чемодан елді дүрліктірді. Жедел басқару орнына белгісіз азамат жасырын қоңырау шалған.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары тез арада өтпе жолды жауып, көше бойындағы адамдарды қауіпсіз аумаққа шығарды.

«Арлан» арнайы мақсаттағы жасақтың жауынгер-саперлері чемоданды тексеріп, жарылғыш заттың жоқ екендігіне көз жеткізді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу