60-шы жылдар қазақ жеріндегі жылқыларды қырып жатқан кез еді. Жоғары жақтан жеткен бұйрыққа сай барлық жылқы етке өткізілуі керек болды. Бойында руһ пен намыс оты жалындаған жас бұған қарсылық білдіргісі келеді. Осылайша, ол ойындағысын кино арқылы жеткізеді. Дәл осы тақырып Қанымбек Қасымбековтың алғашқы туындысына өзек болды.
Мәскеудегі Бүкілодақтық кинемотография институтын бітіріп келген жас жігіт бірден толықметражды фильм түсіруге кіріседі. Қадамы сәтті болып, «Шоқ пен Шер» картинасы Монте-Карлодағы кинофестивальде «Ең үздік балалар фильмі» аталымын жеңіп алады.
«Шоқ пен Шер» фильмінің сценарийін маған Камал Смайылов берді. Негізі оны Сатыбалды Нарымбетов жазған. Бұл оның – дипломдық жұмысы еді. Алғашқы кино болғаннан кейін қамқорлық жасап, өзінің тәжірибесін айтып, шыдамдылық танытты»,-деген екен бір естелігінде Қанымбек Қасымбеков.
Араға аз уақыт салып, «Сен он екіге толғанда», «Қызыл киіз үй» және әнші Мейрамбек Бесбаев түскен «Қоштасқым келмейді» көркем фильмі жарыққа шықты.
Режиссердің өзге де туындылары туралы «Таңшолпаннан» біле аласыздар.