Басты Жаңалықтар HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

Астанада өтіп жатқан AI Month аясында HackAlem AI хакатоны қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.

Хакатонға 2 415 адам қатысып, 2025 жылы Үндістанда орнатылған 2 089 қатысушыдан тұратын алдыңғы рекордты жаңартты.
Рекорд GUINNESS WORLD RECORDS талаптарына сәйкес тіркеу, сәйкестендіру және қатысушылардың алаңда болуын бақылау арқылы ресми түрде тіркелді.


Бөлісу