«Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының үшінші топтамасы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының үшінші топтамасы жарыққа шықты

20.01.2015
«Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының үшінші топтамасы жарыққа шықты

Өскеменде «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының үшінші топтамасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалым-филолог Арап Еспенбетов пен Бауыржан Ердембеков, ғалым-орнитолог Борис Щербаков, сондай-ақ, Қанағат Мұхамедханов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Айта кетейік, «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының 20 томдығы ШҚО әкімдігінің қолдауымен 2012-2013 жылдары жарық көрді. Ал, үшінші топтамада Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының томдары, Абай туындыларын зерттеген Қайым Мұхамедхановтың еңбегі, профессор Арап Еспенбетов пен ақын Әріп Тәңірбергеновтің шығармалары жарық көрді.

Сонымен қатар, шарада ауған соғысының ардагерлеріне арналған «Азалы кітап» пен «Шығыс Қазақстан» энциклопедиясының да тұсауы кесілді.

Хабарламаларға жазылу