Жанат Елшібектің екі кітабы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанат Елшібектің екі кітабы шықты

21.12.2017

Қазақ сөз жұмбағының атасы саналатын Жанат Елшібектің екі кітабы жарыққа шықты. Қаламгердің шығармашылық кешін 70 жасқа толуына орай Қазақ Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған. Еңбектері «Библиографиялық көрсеткіш» пен «Бесаспап» деп аталады. Журналист-жазушы «Бесаспап» кітабына 200-ге жуық автордың мақалалары мен эсселері, көркем очерктері мен әдеби портреттерін кіргізген. 

Жанат Елшібек, журналист-жазушы:

- Бұл материалдардың барлығы да құрғақ жалан мадақ емес, қаламгердің, журналистің еңбегіне берген баға, соны талдау сияқты болды. Соны біріктіруге тырыстым. Қалың оқырманға керек. Мұның ішінде көптеген деректер, танымдық дүниелер бар.

Хабарламаларға жазылу