«Нұрсұлтан Назарбаев» биобиблиографиясы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрсұлтан Назарбаев» биобиблиографиясы жарыққа шықты

12.11.2020

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиография-кітабы жарыққа шықты. Басылым Елбасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланғанына 25 жыл толуына орай жарияланды. Кітапқа еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі, тың бастамалары туралы очерктер топтастырылған. 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық еңбектері мен шығармашылық жұмыстары да осы еңбекке енген. Елбасы кітапханасы мен Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған шара аясында «Қазақстан ғылымы: даму кезеңдері мен басымдықтары » тақырыбында дөңгелек үстел де өтті. Отырыста академиктер, профессорлар сөз алып, отандық ғылымының қазіргі жай-күйі жайында ой бөлісті.  

Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті:
Елбасының биобиблиографиясы, оның маңызы, Қазақстан экономикасының өркендеуіне әсері, осылар толығымен зерттеледі. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу