Алматыда «Алтай шежіресі» кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Алтай шежіресі» кітабының тұсаукесері өтті

18.10.2014
Алматыда «Алтай шежіресі» кітабының тұсаукесері өтті

Алматыда «Темірқазық» баспасынан «Алтай шежіресі» кітабы жарыққа шықты. Шежіре тарқату, бабалар тарихын есте ұстау халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ата-бабаларымыз тектану ерекшеліктерін ежелден игерген. 

«Тегін білмеген тексіз» деген мақалдың шығуы осыдан. Ал, бүгінгі таңда шежірені жинап кітапқа басу генофондты сақтаудың бір көрінісі.

Осы ретте тұсаукесерге жиналған зиялы қауым мен тарихшылар қазақтың арғы-бергі тарихынан баяндама оқып, түркі дүниесінің бай мұраларын жинақтауды сөз етті. 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу