Қостанайда жүздеген мың гектар жер игерілмей жатыр

Қостанай облысында 220 мың гектардан астам жер игерусіз жатыр. Оның 137 мыңы ұзақ мерзімге жалға алынған жайылым жер болса, 85 мың гектары - егін алқабы. Меншігіндегі жерді пайдаланбағаны үшін биыл өңір дихандары мен фермерлер 123 млн. теңге айыппұл төлейтін болады. Бұл туралы Қазақ радиосының тілшісі Нұрқанат Құлабаев хабарлады.
Облыста игерілмей жатқан жердің дені Жітіқара, Қамысты, Ұзынкөл аудандарына тиесілі. Мақсатсыз пайдаланылған, я мүлде игерілмей жатқан жерлер өзге аудандарда да баршылық. Мәселен, биыл Сарыкөл ауданында қараусыз жатқан 1 мың 800 га егін алқабы мен 8 мың га. жайылым мемлекет меншігіне қайтарылған. Ереже бойынша 1 бас ірі қара малға 5 гектар жер керек екен. «Егер сіздің меншігіңізде 1000 га жайылым болатын болса, сәйкесінше қолыңызда кем дегенде 200 бас ірі қара болуы тиіс. Мемлекетке өткен жайылымдар мал өсіруге қауқары жететін инвесторларға беріледі», - дейді аудан әкімі Элдар Күзенбаев.
Облыста пайдаға асырылмай, бос жатқан жерінен ерікті түрде бас тартқан шаруашылықтар да көп. Өйткені биыл салық кодексіне енген жаңа өзгеріс бойынша, игерілмей жатқан жерге төленетін салық мөлшері 10 есеге дейін артқан.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада дрон-футбол сайысы өтті
17.03.2026, 17:39
Таразда «Денсаулық» саябағын тазалады
17.03.2026, 17:37
Қостанай облысы тасқынның алдын алу шараларын жүргізуде
17.03.2026, 17:35
СҚО-да мұз жарып жатыр
17.03.2026, 17:33
ІІМ: Сталкинг бойынша 51 іс сотқа жолданды
17.03.2026, 17:30
«Аңсаған сәби»: 11 мыңнан аса сәби дүниеге келген
17.03.2026, 17:27
Абай облысында алпыстан аса жаңа нысан пайдалануға берілген
17.03.2026, 17:24
Израиль Ливанға жойқын соққы берді
17.03.2026, 17:21