Әселхан Қалыбекова: Алғаш талантымды таныған - әкем - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әселхан Қалыбекова: Алғаш талантымды таныған - әкем

09.01.2015
Әселхан Қалыбекова: Алғаш талантымды таныған - әкем

«Басқа балаларым бір төбе, Әселханым бір төбе. Осы қызым ақын болады, деп талантымды алғаш таныған - әкем», дейді ақын.

Суырыпсалмалық өнердің көш басында тұрған ақын бір сұхбатында «Біздер айтыстың жандануы үшін жанымызды салып еңбек еттік, тер төктік.

 Алдыңғы буын ағалармен  қатар жүріп, солардан үйренгенімізді, кейінгі буын інілерге, сіңлілерге жалғадық.

Бұл аманатты ендігі өсіп келе жатқан буынға жеткізу - бүгінгі айтыскерлерге міндет», деп киелі өнердің қасиетін жастарға ұғындыру туралы айтқаны бар.

Халық ақыны Әселхан Қалыбекова туралы ертең 09.00-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу