Ақын Есенқұл Жақыпбекті еске алған ретро айтыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Есенқұл Жақыпбекті еске алған ретро айтыс өтті

22.08.2014
Ақын Есенқұл Жақыпбекті еске алған ретро айтыс өтті

Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында көрнекті ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңге толы өмірі мен шығармашылығын арқау еткен ретро айтыс өтті.

 Бірінші рет өткен ретро айтысқа Әселхан Қалыбекова, Айтақын Бұлғақов, Күмісай Сәрсенбаева сынды додаға бірге түскен үзеңгілес ақындар қатысты. 

Ертең Бірлік ауылында ақынның құрметіне қойылған күмбезді  кесененің ашылу рәсімі өтеді.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу