Астанада жұмысшылар арасында спартакиада өтіп жатыр
Астанада «Самұрық Энерго», «Қазақтелеком», «Қазпошта» және «Қазмұнайгаз» сынды 14 ұлттық компанияның жұмысшылары арасында спартакиада басталды.
Екі күнге созылатын сайысқа 1000-ға жуық жұмысшы қатысып, футзал, волейбол, шахмат, асық ату, садақ ату, тоғызқұмалақ сынды спорттың 14 түрінен өзара сынға түседі. Биылғы бағдарламаға киберспорт та енгізілген. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы ұйымдастырған жарыс жеңімпаздары түрлі бағалы сыйлықтарға ие болады. Айта кету керек, Ұлттық комания бұқаралық спортты дамытып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға күш салып келеді. Мәселен соңғы үш жылда республика бойынша 15 спорт кешенін салып, 90 мың баланы спортқа баулыған.
Талғат Есекеев, бас төреші:
Бұл спартакиада биыл оныншы рет өтіп отыр, оны мерейтой деуге де болады. Мақсатымыз – жұмысшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжым ішіндегі ауызбіршілікті арттыру.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05
Шахматтан турнир өтті
06.06.2026, 20:04