Әлем таныған Қазақстан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем таныған Қазақстан

27.06.2014
Әлем таныған Қазақстан
 
Қазақстанның қарқынды дамуы, Астананың сәулетті құрылысы қазір кімді де болсын, таңқалдырмай қоймайды.
 
Шетелден келген туристер үшін қызықтап, тамашалайтын орындар көп. Тіпті ресми тұлғалар мен делегацияның өзі елордамыздың ерекше сәулетін жоғары бағалайды.
 
Осындай жетістіктердің барлығын олар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегімен байланыстырады.  
 
Рут Фридом Пойман, ЕҚЫҰ адам саудасымен күресу жөніндегі үйлестіруші:
Қазақстанда алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын болдым. Менің қазақ жеріне келуім Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы ауыстырып, оны Астанаға көшіру туралы шешімімен тұспа-тұс келді. Бүгінде дәл осындай тарихи кезеңнің болғанына сену қиын. 16 жыл өтер-өтпес әсем қала Астана бой көтерді. Келген сайын шаһардың даму қарқынына тәнті боламын, «Хан шатыр», «Бәйтерек», Орталық концерт залының сәулеті айрықша. ЕҚЫҰ-ның саммитіне қатысқанымда Бейбітшілік және келісім сарайы мені ерекше әсерге бөледі. Аз ғана мерзімде Опера театры іске қосылды, бүгінде жаңа мұражайдың құрылысы жүріп жатыр. Қала көшелеріне жас көшеттер отырғызылып жатқанын байқадым. 20-40 жылдан кейін Астана жасыл желегі жайқалған шаһарға айналуына тілектеспін.
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу