«Сенбілік кездесуде» - Әселхан Қалыбекова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Әселхан Қалыбекова

06.06.2015
«Сенбілік кездесуде» - Әселхан  Қалыбекова

«Қозатын өлең десе делебесі, мен ақын Ергөбектің немересі», деп ақын апамыз Әселхан  Қалыбекова арғы тегінің тегін емес екенін жырына арқау етеді.

Ергөбек өз заманында әлеуметтік қайшылықтарды жете жырлап, сол тақырыпта салалы сөз қалдырған сергек ойшыл ақын болған. Сол асылдың жұрнағы Әселхан Қалыбекова өзін тек суырып-салма айтыс ақыны ғана емес, жазба ақын ретінде де мойындатты.

От ауызды, орақ тілді ақынның айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Айтысқа қашанда адал ақын: «Мен ауылда айтқан бір ауыз өлеңімді, ауданда айтқан жоқпын. Ауданда айтқан бір ауыз өлеңімді Шымкентте айтқан жоқпын. Облыста айтқанымды мен республикада айтқаным жоқ. Қасымызда Қадыр Мырзалиев жүрді. Қадырдың көзінше бір сөзіңді қайталап көрші?»,-дейді.

Ақын апамыздың өнегелі өмірі, айтыс туралы пікірін тыңдаймын десеңіз, бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесуді» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу