Қостанайда Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекованың шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекованың шығармашылық кеші өтті

12.06.2015
Қостанайда Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекованың шығармашылық кеші өтті

Қостанайда екі бірдей халық ақыны Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекованың шығармашылық кеші өтті.

Әсия Беркенова өткен ғасырдың сексенінші жылдары талай аламан айтыста топ жарған. 

Әселхан Қалыбекова - Оңтүстік Қазақстан облысының перзенті. Әсия Беркеновамен түйдей құрдас. Екеуі бір жылда, бір айда, бір күнде дүниеге келген. Айтыста да ел алдында бірге өнер көрсетті.

Орамды ой, ұтқыр шумақтарымен елдің ілтипатына бөленген қос ақынға бүгін Қостанайдағы өнерсүйер қауым айрықша құрмет көрсетті. 

«Айдын жырдың қос аққуы», деп аталған кеш - ақындардың ел алдындағы есебі, ақжарма сыр-сұхбаты.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу