Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1196
2014 жылғы 13 қараша, Астана, Үкімет Үйі
Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жол жүрісі қағидалары;
2) Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер;
3) көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.
Жол жүрісінің негізгі қағидалары, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың жалпы міндеттері және басқа да жайттар толығымен республикалық басылымда жарияланды.