Көпұлтты Қазақстан Республикасының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігіміз берік орныға түсті. Егемендік алғалы 1996-2000 жылдар аралығында көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылдандық. Тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия елдері арасында нарықтық реформа жасаған мемлекетке айналды.
«Қазіргі Қазақстан даму бағытын айқындаған ел. Оның нақты бір дәлелі «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспары. Бұл менің ғана пікірім емес. БҰҰ мүше мемлекеттердің Қазақстанға берген бағасы»,- дейді БҰҰ Қазақстандағы тұрақты өкілі Стивен Тулл.
1997 жылы 20 қазанда Тәуелсіз Қазақстан тарихында тағы бір маңызды оқиға болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен ел астанасы – Ақмола болып белгіленді. Ал, 1998 жылы 6 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
«Қысқа мерзімде тұрғызылған Астана – ел Президентінің керемет жобасы. Елорданың ерекше сәулеті кім-кімнің болса да, таңдайын қақтырмай қоймайды. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның басты жетістігі – тұрақтылық. Көпұлтты елде сол ұлттар мен ұлыстардың өз мәдениетін дамытуға да тең мүмкіндік берілген». Бұл – Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бұрынғы басшысы Норбер Жустеннің пікірі.
1999 жылы 10 қаңтарда ҚР Президентінің сайлауы өтті. Тұңғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып, 81,71 пайыз дауыс алған Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланды.
2000 жылдың қыркүйегі. Сидней Олимпиадасы. Әлем назарын өзіне аудартқан дүбірлі додада былғары қолғап шеберлері Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов Қазақ Туын көкке желбіретті. Бұл есім Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды.
Толығырақ «Таңшолпанда».