Павлодарда қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдануда
Елде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдап жатыр. Яғни жеке ісін ашуға ниетті адамға 1,5 млн теңге беріледі. Мәселен былтыр Павлодар облысында 442 грант берілген. Мемлекеттік бағдарлама биыл да жалғасып, 406 грант табысталды. Қараша айының 3-не дейін тағы 40 адамға беріледі.
Замира Бабақұлова бес баланың анасы. Ол екі жыл бұрын ісмерлік кәсіп ашқан,
биыл зайыбының атына бизнесті дамытуға қосымша грант алды.
Замира Бабақұлова, кәсіпкер:
«Бизнес Бастаудан» сертификат алу керек деді. Алдық, оқып. Сосын осы грантқа өтініш тастадық. Содан кейін бізді звондап шақырды. Барып қорғап келдік. Грант алдық, 400 АЕК. Бірінші өзім алдым. Екі жылдан соң жолдасым алды. Үкіметтің арқасында, 400АЕК арқасында осындай бизнес ашып, осылай жұмысымызды жалғастырып жатырмыз.
Бизнесті кеңейтуге бөлінген қаржы небары бес күнде рәсімделеді. Оған жұмысы жоқ, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне үш жылдан аспаған азаматтар қатыса алады. Мүгедектігі бар, қандас, қоныс аударушы, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасы деген санаты болуы керек. Ертіс-Баян өңірінде грант алғандардың көбі технологиялық құрылғыларды сатып алу және мал шаруашылығын дамытуға ниет білдіріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
