Лувр музейінен ұрланған бұйымдардың құны €88 млн
Париждің әйгілі Лувр музейінен тапа-тал түсте ұрланған әшекей бұйымдардың жалпы құны 88 миллион еуро. Мұны француздық прокурор Лор Бекко жергілікті радиостанциялардың біріне берген сұқбатында айтты. Оның сөзінше, бұл қылмыс Францияның тарихи мұрасына орасан нұқсан келтірді.
Айта кетсек, қолды болған қазыналар қатарында корольдердің бағалы жәдігерлерімен бірге Наполеон екі әйеліне сыйлаған сырғалар, алқалар мен тәждер бар.
Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, тонау кезінде Луврда бейнебақылау камералары мен дабыл жүйесі жұмыс істемеген. Арада үш күн өтсе де ұрылар әлі табылған жоқ.
Кейбір болжамдарға қарағанда, тонаушылар бұл экспонаттарды бөлшектеп, ұсақтап, шетелге арзан бағаға сатып жіберуі де мүмкін.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06