Танымал хореограф Юрий Григорович «Астана Опера» сахнасында «Жаңғақ шаққыш» балетін қояды.
Спектакль 25 – 31 желтоқсан аралығында көрермендер назарына ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, «Жаңғақ шаққыш» балеті - адам жанының қалай есейетіні, махаббат туралы поэзиялық әңгіме.
Қойылымға қатысатын «Астана Опера» балетінің солистері: Мари - Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Гауһар Усина, Жаңғақ шаққыш-Ханзада - Бақтияр Адамжан, Досжан Табылды, Тайыр Гатауов, Еркін Рахметоллаев.