«Астана Операда» «Әлем» балеті сахналанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Операда» «Әлем» балеті сахналанады

23.09.2014
«Астана Операда» «Әлем» балеті сахналанады

І «Жібек Жолы» Халықаралық фестивалі аясында «Аstana Ballet» өнер ұжымы философиялық-психологиялық «Әлем» балетін ұсынады.

Жер бетіне жету үшін адам жанының сынақтан қалай өткенін баяндайтын туынды 5 қазанда «Астана Опера» сахнасында қойылады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.  

Қоюшы хореограф – мәскеулік Никита Дмитриевский. «Аталған балеттік спектакль әлемдік беталыс пен қазақтың би мәдениетінің дәстүрлі сарынының синтезін ажыратады», – дейді ол.

Көркемдік жетекшісі - Әлила Әлішева, бас балетмейстер – Айгүл Тати.

Басты партияларда: Назерке Ахмет, Зере Ысмайылова, Жібек Мешітбай, Аяулым Мақымова, Диана Бейсеғұлова, Нарғыз Ысқақова, Шырын Садырова, Әнел Балтенова,  Риза Қанатқызы, Айнұр Сұлтанқожаева, Күмісай Сыдықбаева,  Алтынай Сыдықбаева, Милана Бұқанова.

Хабарламаларға жазылу