«Астана Операның» екінші маусымында театрға 90 737 көрермен келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Операның» екінші маусымында театрға 90 737 көрермен келген

17.07.2015
«Астана Операның» екінші маусымында театрға 90 737 көрермен келген

Тұрақты репертуардағы спектакльдермен қатар Ғ.А.Жұбанованың «Қарагөз», П.И.Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш», Б.Астафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» сияқты үш балет спектаклін және Х. Брогхауздың қойылымындағы Дж.Вердидің «Травиата» және атақты режиссер Ф.Дзеффиреллидің қойылымындағы Дж.Вердидің «Аида» сияқты екі опералық спектакльді қосқанда бес тұсаукесер болды. Театрға келуші көрерменнің жас шамасы 25 пен 40 арасында.

Маркетингтік зерттеулерде барлық тұсаукесерлік қойылымдар барысында залдар 99 пайызға толы болғаны көрсетілген. Екінші мусымда театрға 90 737 көрермен келген.

Елордалық «Астана Опера» театрының труппасы АҚШ (Нью-Йорк), Канада (Торонто), Франция (Париж), Бельгия (Антверпен), Голландия (Роттердам) сияқты 5 елде әлемдік турне бойынша өнер көрсетті және барлық елден әртістер үлкен табыспен оралды. Балет труппасы Карло Феличе (Италия) театрының сахнасында шеберлігін көрсетті.

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы Қытай, Ресей және Қазақстанның түрлі қалаларынан қатысушылар келетін «Жібек жолы» ІІ халықаралық фестивалімен ашылады. Онда А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының және Л. Минкустың «Баядерка» балетінің тұсаукесерлері жоспарланған.

 

Фото: astanaopera.kz

Хабарламаларға жазылу