«Астана Опера» театрында балаларға арналған «Ханшайымда қонақта» атты музыкалық спектакльдің тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында балаларға арналған «Ханшайымда қонақта» атты музыкалық спектакльдің тұсаукесері өтеді

31.12.2015
«Астана Опера» театрында балаларға арналған «Ханшайымда қонақта» атты музыкалық спектакльдің тұсаукесері өтеді

«Астана Опера» театры Жаңа жылды жаңа ертегілік спектакльдермен қарсы алмақ. Дәстүр бойынша мерекелік репертуар П. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балетінен  басталады.

Қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш қойылымды 3-і және 5-ші қаңтар күндері тамашалай алады.

Сонымен қатар, жас көрермендерді 4, 6, 8 қаңтарда болатын «Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған бірегей музыкалық спектаклінің тұсаукесері қуантады.

Режиссер Наталья Кагадий жетекшілік ететін «Астана Опера» театрының Балалар студиясы әртістері ұсынған бұл қойылым Беларусь Республикасында өткен «Куршинале-2015» Халықаралық Өнер олимпиадасының I дәрежелі дипломын жеңіп алған. Спектакльге тек Балалар студиясының әртістері ғана емес, театр солистері де қатысады.

Ал, көрермендер сахнада болып жатқан қилы хикаяларға қатысады, деп хабарлайды astanaopera.kz.

Хабарламаларға жазылу