«Астана Опера» театрының гастрольдік сапары басталды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрының гастрольдік сапары басталды (толығырақ)

03.02.2014
«Астана Опера» театрының гастрольдік сапары басталды (толығырақ)

Бүгін мемлекеттік «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы Алматы шаһарына гастрольдік сапармен келді. Пойыздан түскен бетте, театр әртістерін қаланың өнер сүйер қауымы мен журналистер қарсы алды.
 
 Театр ұжымы бір аптаға жуық Абай атындағы опера және балет театрында өнер көрсетеді. Майталмандар сахна шымылдығын майталмандар қазақ операсының жауһары - «Біржан-Сара» спектаклімен түрмек.
 
 7-ақпан күні көрермен назарына еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен, театрдың камералық хоры өнер көрсетеді. Балет сүйер қауым үшін 8 ақпан күні балеттік труппа «Ромео мен Джульетта» балетін сахналайды.
 
 Ал 10-шы ақпанда қойылымдар тізбегін «Роден» балеті түйіндейді. Айта кету керек, құрылғанына 8 ай болған өнер ордасының бұл алғашқы турнесі. Гастролдік сапар аясында театр әртістері Мәскеу, Санкт-Петербург, Лондон, Париж, Нью-Йорк сынды қалалардың сахнасында өнер көрсетеді.
 
Төлеген Мұхамеджанов, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры:
Абай атындағы мемлкеттік опера және балет театры бұл бүкіл қазақ мәдениетінің қара шаңырағы. Осы театрға келіп, театрға ғана емес, бүкіл Алматыға тағзым жасайық деп келдік. Тағзым жасап, сонымен қатар, осындағы зиялы қауым өкілдерінің алдынан өтіп, бата алмақшымыз. Біздің сапарымыздың ерекшелігі осында.  

Хабарламаларға жазылу