«Астана Опера» театрында «Қарагөз» балетінің тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында «Қарагөз» балетінің тұсаукесері өтеді

26.11.2014
«Астана Опера» театрында «Қарагөз» балетінің тұсаукесері өтеді

5 желтоқсанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында атақты композитор Ғазиза Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарагөз» балетінің тұсаукесері өтеді.

Қоюшы режиссері - Еуропалық балет академиясының профессоры, халықаралық балетмейстерлер байқауының лауреаты Вакиль Усманов; қоюшы дирижер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов; қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кетейік, балет Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» пьесасының желісі бойынша сахналанады. Туынды А. Аданның «Жизель» балетін еске түсіреді. 

Басты партияларда «Астана Опера» балетінің солистері: Мәдина Басбаева, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, Арман Оразов, Таир Гатауов; Досжан Табылды және т.б.

 

Хабарламаларға жазылу