Алматыда «Астана Опера» театрының гастрольдік сапары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Астана Опера» театрының гастрольдік сапары басталды

03.02.2014
Алматыда «Астана Опера» театрының гастрольдік сапары басталды

Бүгін мемлекеттік «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы Алматы шаһарына гастрольдік сапармен келді. Пойыздан түскен бетте, театр әртістерін қаланың өнер сүйер қауымы мен журналистер қарсы алды.
 
 Театр ұжымы бір аптаға жуық Абай атындағы опера және балет театрында өнер көрсетеді. Майталмандар сахна шымылдығын майталмандар қазақ операсының жауһары - «Біржан-Сара» спектаклімен түрмек.
 
 7-ақпан күні көрермен назарына еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен, театрдың камералық хоры өнер көрсетеді. Балет сүйер қауым үшін 8 ақпан күні балеттік труппа «Ромео мен Джульетта» балетін сахналайды.
 
 Ал 10-шы ақпанда қойылымдар тізбегін «Роден» балеті түйіндейді. Айта кету керек, құрылғанына 8 ай болған өнер ордасының бұл алғашқы турнесі. Гастролдік сапар аясында театр әртістері Мәскеу, Санкт-Петербург, Лондон, Париж, Нью-Йорк сынды қалалардың сахнасында өнер көрсетеді.
 
Тұрсынбек Нұрқалиев, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының көркемдік жетекшісі:
Репертуардың барлығы жаңа. Бұрын-соңды Алматыда қойылмаған туындылар. Мысалы Эйфманның «Роден» балеті, бұл ешбір елде қойылмады, тек біздің Астанамызда ғана сомдалды. Соны біз Алматыға әкеп тұрмыз, көрерменге көрсетіп, солардың бір батасын алайық деп отырмыз.
 
 
 
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу