Павлодар облысында 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап электр қуаты қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап электр қуаты қымбаттайды

08.12.2014
Павлодар облысында 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап электр қуаты қымбаттайды

Павлодар облысында келер жылдың басынан электр энергиясы тарифінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Асқар Шөмшековке сілтеме жасап pavlodarnews.kz сайты.

Жоспарлы қымбаттау үрдісі еліміздегі ҚР-ның Үкіметі энергия өндіруші кәсіпорындарға арналған шекті тарифтер бағдарламасы негізінде орын алуда. Осылайша, алдын ала мәліметтер бойынша келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап электр энергиясы 15%-дан артық көрсеткішке қымбаттауы мүмкін. Мамандардың айтуынша, тарифтерді өсіруге электр энергиясын тасымалдау және өндіру бағасының қымбаттауы себеп болуда.

«Шекті тарифтер 2009 жылы 2015 жылға дейін бекітілген. Павлодарлық жылу электр станциялары үшінші топқа жатақызылды. Сәйкесінше, кәсіпорындар биылғы жылы электр қуатын 6,9 теңгеден сатса, 2015 жылы шекті тарифтер бағдарламасы шеңберінде 7,5 теңгеге дейін қымбаттайды», - деп мәлімдеді А. Шөмшеков.

Энергетиктердің айтуынша, тарифтер қоғамдық талқылауларды өткізбей-ақ өсіріледі. Себебі энергетиктер монополистер қатарына жатпайды. Сондықтан тұрғындарды электр қуатының қымбаттауы туралы құлағдар ету жеткілікті.

Хабарламаларға жазылу