«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
«Shalqar» радиосының 60 жылдығына орай Алматыда жаңа студия ашылды. Оған қазақтың тұңғыш радио дикторы Мина Сейітованың есімі берілді. Шараға радионың аға буын өкілдері қатысып, дарынды диктордың шығармашылығы туралы естеліктер айтылды. Ардагер диктор небәрі 15 жасында Қазақ радиосына жұмысқа қабылданған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ақпарат бюросының барлық мәліметі қазақ даласына Мина Сейітованың дауысымен таралыпты. Ол микрофон алдында 44 жыл қызмет еткен. Оның үні тұтас бір дәуірдің шежіресіне айналды, дейді радио ардагерлері. Ал бүгіннен бастап жаңа студиядан «Shalqar» радиосының тікелей эфирдегі 10-нан аса хабары тыңдаушыға жол тартпақ. Жаңа студия заманауи үлгіде жасалып, соңғы құрылғылармен жабдықталған.
Руслана Құдайбергенова, Ардагер диктор:
Ол жай ғана диктор емес, он жасында, бала кезінен келген жас қыз. Сол Ұлы Отан соғысы жылдарында соц информның хабарларын оқыған. Майданнан келген жауынгерлердің хаттарын оқыған. Оларға майдан мен тыл арасындағы байланысты, қарым-қатынасты байланыстыратын хабарлар жүргізген. Мина апамыздың даусы ерекше қоңыр дауысты, қазақи, өте әдемі дауыс еді. Апайдың оқыған хабарлары «Қазақ радиосының» Алтын қорында сақтаулы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы