Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
Көз жанарынан айырылған жандар шаңғыға қонып, желмен жарыса өнер көрсетеді дегенге сену қиын. Италия төріндегі ақ Паралимпиадада дәл осындай қайсар тұлғалар шексіз мүмкіндікке ие екендігін дәлелдеуде. Бүгін жерлесіміз Анна Грачова бапкерімен жұп болып 10 шақырымды еңсерді. Нәтижеге Италиядағы әріптесіміз Азат Қадырбек тоқталып өтеді.
10 шақырымдық интервалды жарыстың ерекшелігі әр қатысушы сөреге өзіндік жоспармен шығады. Бірі ә дегеннен алға ұмтылса, өзгелері соңғы айналымда жылдамдықты үдетеді. Уақыт көрсеткіші бойынша жеңімпазы анықталатын бұл сында алдымен Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин триосы жарыс жолына шықты. Паралимпиада қола жүлдегері мәреде 8-нәтижені тіркесе, Усольцев пен Березин 19 және 21-орындарға тұрақтады.
Ербол Хамитов, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері:
Тік тұрып өнер көрсету сынында ең жас қатысушымыз Владислав Кобаль алғашқы ондықты түйіндесе, Нұрлан Әлімов 9-орынды місе тұтты. Ал нағыз қайсарлықты талап ететін сын - көру қабілеті бұзылған спортшылар бәсекесінде Ермек Ормантаев пара шаңғышы Анна Грачоваға жол сілтеп отырды. Тұңғыш Паралимпиадасында бақ сынап жатқан жерлесіміз мәреде 11-нәтижені тіркеді.
Ермек Ормантаев, жаттықтырушы-гид:
Ертең Қазақстан Паралимпиада құрамасының өкілдері жарыс жолына шықпайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы