Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
Батыс Қазақстан облысында Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар салтанатты түрде ашылды. Оралда «Егер Бөкей көшпесе…» атты көрме ұйымдастырылып, «Жәңгірдің жаңғыруы» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Сондай-ақ ғалымдар «Бөкей хандығы тарих таразысында» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты.
Бөкей хан 1801 жылы 11 наурызда Ішкі қазақ ордасында көшіп-қонуға патшадан рұқсат алып, хандық құрады. Кейін оның мұрагері Жәңгір хан билеген тұста тарихи мекен «Тұңғыштар Отанына» айналады. Өйткені қазақ даласындағы тұңғыш мектеп, емхана, банк, баспахана, мұрағат осы өлкеде ашылды. Бөкей ордасы ауданындағы музей қызметкерлері алып келген көрме сол тарихтан сыр шертеді.
Гүлмару Мырзағалиева, Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы директорының міндетін атқарушы:
Тарихта Бөкей ханның орны ерекше. Ол өзінің алғырлығымен, сұңғыла саясаткерлігімен, мәмілегерлігімен Ішкі қазақ ордасын, яғни Еділ мен Жайық - қос өзен аралығындағы жерді қайтарып алды.
Мерекелік салтанатта «Жәңгірдің жаңғыруы» атты деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Онда дала реформаторы Жәңгір ханның болмысы, саяси ұстанымы, көрегенділігі зерделенген.
Талғат Теменов, Театр және кино режиссері, ҚР Халық әртісі:
Фильм өз бағасын тағы да ала жатар. Бірақ қазірдің өзінде оны көрген үлкен оқымысты тарихшылар біздің Жәңгірді басқа қырынан ашқанымызды айтып жатыр. Біз Жәңгірді қайта жаңғыртып жатырмыз. Өйткені Жәңгірдің жасаған ісі мәңгілікке қазақ тарихында қалады.
Бөкей хандығының мұрагері Бөкей ордасы ауданы – талай ғалым, қайраткер таутұлғалар тудырған жер. Қатысушылардың пікірінше, бұл жәй ғана мерекелік шара емес, ұлт тарихын түгендеуге бағытталған байыпты бастама.
Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:
Біз Бөкей ордасының 225 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл тарихи дата, бұл мерейлі дата. Бұл тек бір облыстың ғана емес, бұл мемлекеттік маңызы бар жоба деп есептеймін.
Айтулы кезең ел көлемінде кеңінен атап өтіледі. Ұлттық музейде көрме ұйымдастырылып, университеттерде ғылыми конференциялар өткізілмек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15
12 наурыздан бастап құқық бұзғандарға автоматты түрде айыппұл салынады
11.03.2026, 20:15