Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды

Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды

Қарағандыда жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі мен экономикалық дамуы талқыланды. Жиында Қазақстанның жаңа қоғамдық-саяси моделіндегі негізгі бағыттар айтылып, сарапшылар пікірі тыңдалды. 

«Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі». Бүгінгі дөңгелек үстелдің басты тақырыбы осы. Жиынға билік өкілдері, сарапшылар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Олар жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылап, негізгі бағыттары айтылды.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:

Жаңа Конституция ең алдымен адамның құқығы мен қадір-қасиетін, еркіндігімен, мүмкіндігін басты орынға қояды. Адамзаттың білім алып, кәсіби тұрғыда дамуына, бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау мемлекеттің негзігі міндеті ретінде қарастырылады.

Онымен қоса облыс әкімі жаңа жобаның өңір болашағына әсері мен экономикалық дамуына ерекше тоқталды. Ал сарапшылар Халық Кеңесінің рөлі, отбасы құндылығы мен құқықтық негіздерін кеңінен түсіндірді.

Ермек Әбілдин, облыстық коалиция мүшесі:

Ауылдарға бардық. Жұмыс орындарына, кәсіпорындарына бардық. Халық түсініп отыр, өте маңызды қадам екенін біледі. Халыққа мүддесін қорғау үшін өте үлкен маңызды жағдайлар жасап отыр. Сондықтан сол тұрғыда кәсіпкерлерге, қарапайым халыққа әр Ата заңның бабын түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.

Жиынға онлайн қатысқан еліміздің Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов сот жүйесін дамыту және соттардың тәуелсіздігін күшейту мәселелері туралы айтты. Жаңа заң жобасы құқықтық айқындықты арттырып, мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам, дейді сарапшылар.

Бөлісу