Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
Қазақстандағы канадалық инвестиция көлемі 6,1 млрд канадалық долларды құрап отыр. Яғни 4,4 АҚШ долларына тең. Екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы Кристофер Дагган Ұлттық арна тілшісі Темірлан Нұржанұлына берген сұхбатында айтып берді. Қазақстанда дипломатиялық қызметін атқарып жүрген елші арнамызға өз резиденциясын көрсетіп, өзі жайлы ақпарат бөлісті.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Канадада хоккей спорты жақсы дамығаны белгілі. Біздің спортшылар да біраз жылдан бері дәл осы спорт түрінен өтетін сайыстарда топ жарып жүр.
Кристофер Дагган, Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
Бұл сұрақты қойғаныңыз үшін қуаныштымын! Себебі хоккей – өмірімнің бір бөлігі. Тіпті өткен демалыс күндері де ойнап келдім. Қаланың шетінде бір азамат ауласына шағын мұз айдынын жасапты. Сол жақта хоккей ойнаудың сәті түскен соң, мүмкіндікті мүлт жібермедім. Ойынға қажет барлық жабдықты Астанаға ала келгенмін. Бұл спортта оза шабу үшін адамға тепе-теңдік, күш-қайрат пен стратегия қажет. Физикалық әрі психологиялық тұрғыда өте пайдалы.
Канада елшісі: Инвестиция көлемі – 6,1 млрд канадалық доллар
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Геосаяси жағдай жылдам өзгеріп жатқан уақытта Қазақстан мен Канада өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін қандай қадамдар жасауы қажет деп санайсыз? Екі мемлекет арасындағы қазіргі қарым-қатынас деңгейін қалай бағалар едіңіз?
Кристофер Дагган, Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
Сұрағыңызға рахмет! Ең алдымен Канада үшін Қазақстанмен қарым-қатынас өте маңызды екенін айтқым келеді. Біз Қазақстанды осы аймақтағы стратегиялық серіктес санаймыз. Сауалыңызға жауап беру үшін әрине әлемдегі қазіргі ахуалды да ескерген жөн. Дүниежүзі өзгеріп, жаңа сын-қатерлер пайда болып жатыр. Біз мұны жаңа серіктестік құруға мүмкіндік деп қарастырамыз. Біз Қазақстандағы өнеркәсіптерге, атап айтқанда, тау-кен, мұнай және газ салаларына біраз инвестиция салдық. Бұл екі ел экономикасын дамыта түсетін бағыт. Қазақстандағы канадалық инвестиция көлемі 6,1 канадалық млрд долларды құрап отыр. Әлі де мүмкіндік аз емес. Бұдан бөлек, технология, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық салаларда да әлеуетіміз мол.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15
12 наурыздан бастап құқық бұзғандарға автоматты түрде айыппұл салынады
11.03.2026, 20:15