Басты Жаңалықтар Қазақстанның барлық аймағында аяз күшейеді

Қазақстанның барлық аймағында аяз күшейеді

Қазақстанның барлық аймағында аяз күшейеді

Қазақстанның барлық өңірінде күн суытып, аяз күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. 7-8 желтоқсан күндері Астанада түнде аяз 30 градусқа дейін суытады.

7 желтоқсанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.

Ауаның температурасы түнде 26-31 градусқа дейін, кей жерде 34 градусқа дейін суытады. Ақтөбе облысында 20-25 градусқа дейін, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында - 16-21 градусқа дейін, кей жерде 24 градус, Маңғыстау облысында - 10-15 градусқа дейін, кей жерде 20 градусқа дейін аяз болады.

7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында күшті қар жауады, бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді. 8 желтоқсанда ауаның температурасы түнде 20-25 градусқа дейін, кей жерде 30 градус аязға дейін төмендейді.

7 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, күшті боран соғады, солтүстік-батыстан күшті жел түрып, 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жетеді. 7-9 желтоқсан күндері ауаның температурасы түнде кей жерде  30-35 градусқа дейін аяздатады.

7 желтоқсанда Қызылорда облысында түнде ауаның темпертаруасы 17-22, кей жерде 27 градусқа дейін төмендейді. 

Бөлісу