СҚО-да банкроттыққа өтініш берушілер көбейді
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы 3 жылда 8753 адам өздерін банкрот деп тануды сұраған. Оның ішінде 1 687 өтініш мақұлданды. Олардың жалпы берешегі 1,2 миллиард теңгеден асқан. Сонымен қатар 2023-2026 жылдар аралығында өңірде 20 жеке кәсіпкер банкрот болғандар қатарына жатқызылды. Үшеуі биыл қарыздары бойынша төлем қабілетсіздігін мойындаған. Банкроттық рәсім аяқталғаннан кейін үш жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар несие алуға бес жылға шектеу қойылады. Ал бұл әдісті қайта қолдануға жеті жылдан кейін ғана мүмкіндік беріледі.
Людмила Брыскина, СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы:
Банкроттық рәсімін қолдану талаптарының бірі – өтініш берушінің меншігінде мүліктің болмауы. Бұл ретте ортақ меншіктегі мүлік те ескеріледі. Сондай-ақ өтініш беруші барлық несие бойынша кредиторлар алдындағы берешегін бір жыл бойы өтемеуі қажет.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12