Басты Жаңалықтар «Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды

«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды

Бүгіннен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында жаңа отандық телехикая көрерменге жол тартады. «Жоғалған есім» 24 бөлімнен тұратын әлеуметтік драма.

Телехикая әр адамның өміріндегі таңдауы мен оның салдарын көрсетеді. Басты кейіпкерлер тағдырдың түрлі сынағына тап болып, маңызды шешім қабылдауға мәжбүр болады. Жеке таңдау еркіндігі мен жауапкершілік қатар таразыға түседі. Ал әлеуметтік әділет мәселесі қоғамдағы өзекті түйткілдер арқылы көрсетіледі. Отбасы құндылығы да оқиғаның негізгі өзегіне айналған. Авторлар заманауи мамандықтардың қоғамдағы рөлін де назардан тыс қалдырмаған. Яғни көрермен тек драмалық оқиғаны емес, бүгінгі өмірдің шындығын көреді. Кейіпкерлердің таңдауы адами құндылық пен жауапкершіліктің қаншалық маңызды екенін аңғартады. Жаңа телехикая бүгін кешкі сағат 21:30-да басталады.


Бөлісу