Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
«Антропик» компаниясының басшысы Дарио Амодей жасанды интеллекті моделдерінің дамуын бәсеңдетіп, бұл технологияны жіті бақылауға алуға шақырды және де Амодей жасанды интеллектіні өркендету қажеттігіне күмән келтірмесе де, одан төнген қауіпті ескеруге де үндеді.
Айта кетсек, кейінгі кездері жасанды интеллектінің қарыштап дамуына қатысты алаңдаушылық күшейіп келеді. Мәселен, өткен аптада ЖИ-дің алдағы онжылдықта адамзатты жою ықтималдығы 10 пайызға жеткені жайлы зерттеу жарияланды. Сонымен қатар «Антропик» жасанды интеллектіні биологиялық қару жасауға пайдалануға ниеттенген қолданушыларды бұғаттады. Ал шілде айында OpenAI компаниясының ЖИ-агенттері адамның көмегінсіз сайттарға шабуыл жасағаны анықталды.
Дегенмен президент Дональд Трамп бұл алаңдаушылыққа күмән келтіріп, АҚШ-тың әрдайым ЖИ саласында Қытайдың алдында тұруы қажеттігін мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы