Тараз қасындағы Қарахан кесенесінің аумағын тазалады
Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қарахан» кесенесінің аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Өйткені тарихи орын туристер көп келетін кешеннің бірі.
Сондықтан шараға қалалық Жастар ресурстық орталығының ұжымы, теміржол
саласының күзет мамандары мен белсенді жастар қатысты. Сондай-ақ «Тараз
студенттер Альянсы» мен «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қосылып, ұзын-ырғасы
100-ге жуық адам атсалысты. Жалпы, акция аясында аймақта 49 мыңға жуық жасыл
желек отырғызылып, 7,5 мың шақырым көше тазартылды. Сондай-ақ
900 шақырымға жуық арық жүйелері ретке келтірілді. Нәтижесінде 10 мың тоннадан
астам күл-қоқыс шығарылды
Асхат Пірманов, «Әскериленген теміржол күзеті» ЖШС Тараз
филиалы атқыштар командасының бастығы:
Тазалық дегеніміз - табалдырықтан басталады, сондықтан бәріміз бір үйдің баласындай 300 келідей қоқыс жинадық, 200 келідей қағаз жиналды. Соның бәрін тиісті орнына өткіздік. Жастарымыз бар, үлкеніміз бар - бәріміз тазалыққа қарасақ, жастарымыз осы біздің игі ісімізді ары қарай алып кетсе, қала таза болып тұрады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды
14.09.2026, 13:24
БҚО жастары мерзімді әскери қызметке аттанды
14.09.2026, 13:21
Еуропада велосипедке сұраныс көбейді
14.09.2026, 13:18
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
14.09.2026, 13:15
Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
14.09.2026, 13:12
Сауд Арабиясы негізгі құбырын іске қоспаса, экспортқа арналған мұнай қоры таусылады
14.09.2026, 13:09
СҚО-да банкроттыққа өтініш берушілер көбейді
14.09.2026, 13:06
Кей өңірде күн райы бұзылады
14.09.2026, 13:03