Басты Жаңалықтар Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағынының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, кейбір жерлерде жауын-шашын (көбіне қар), бұрқасынды желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болмақ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нан хабарланды.

Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, бұрқасын болады.

Қарағанды облысында түнде кейбір жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жел екпінінің 25 м/с дейін жетеді, кейбір жерлерде бұрқасын болуы мүмкін.

Павлодар облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, күндіз желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, 15-20 м/с дейін жел тұрады.

Ал Атырау облысының жер-жерлерінде бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде жел тұрып, тұман түседі. Алматы облысының кейбір жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының жер-жерлерінде жел соқса, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жақын тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз қату жалғасады. Сырдария өзенінде, республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде сеңнің тоқтауы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Бөлісу