Брест қаласында Қазақ киносының апталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брест қаласында Қазақ киносының апталығы ашылды

04.12.2014
Брест қаласында Қазақ киносының апталығы ашылды

Шара барысында Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен  Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қосқан үлесі туралы баяндады.

Брест облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары А.Клец Н.Назарбаевтың ел егемендігіндегі аса маңызды рөлін атап, нарық қарым-қатынасының орнығуы, әлеуметтік  тұрақтылықтың  орнауы, халықаралық серіктестермен өзара тиімді әрі ыңғайлы қатынас орнатқанын атап өтті.

Апталық  «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» бөлімімен басталды.

Сондай-ақ, көрермендерге ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрме ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу