Қазақ киносының музейі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ киносының музейі ашылды

17.09.2019

Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының ішінен Шәкен Айманов атындағы қазақ киносының музейі ашылды.

Салтанатты шараға еліміздің танымал киногерлері қатысты. Кино өнерінің классигі Шәкен Аймановтың 105 жылдығына орай ашылған орынға көптеген құнды жәдігерлер жиналған. Әйгілі актер, талантты режиссердің жеке коллекциясы, оның қолданған заттары қойылған. Атақты тұлғаның жұмыс кабинеті қайта жасақталып, онда киносценарийлердің жазбанұсқалары орналастырылған. Көптеген кинотуындыларда пайдаланылған тарихи костюмдер ілінген. Көзге бірден түсетін жәдігерлер арасында аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің камерасы да бар. Бұл заттардың әрқайсысы қазақ киносының тарихынан сыр шертеді.

Асанәлі Әшімов, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері:

Бұл - бастамасы ғана. Келешекте кеңейетін шығар музей. Киноның өткен тарихы Шәкен, Сұлтан, Мәжит сияқты азаматтарменен бағаланады. 

Аманкелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу