Елімізде дәстүрлі «Франкофония көктемі-2022» мәдени маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дәстүрлі «Франкофония көктемі-2022» мәдени маусымы басталды

30.03.2022

Оған Франция, Бельгия, Канада, Швейцария, Румыния, Мысыр мен Марокко елдерінің Қазақстандағы елшіліктері мұрындық болып отыр. Шара барысында француз киносының апталығы, джаз фестивалі, тақырыптық көрмелер мен түрлі олимпиадалар өтеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ ән байқауы ұйымдастырылып, оған еліміздің кез-келген азаматы елшілік сайтында өтініш қалдырып қатыса алады. Ал жеңімпаздың Парижге жолдама алу мүмкіндігі бар. Франкофон шарасы альянс орталықтары бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды және Қостанай қалаларын қамтиды.


Хабарламаларға жазылу