«ЭКСПО-2017» қонақтарына жаңа туристік бағыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» қонақтарына жаңа туристік бағыт ашылды

20.04.2017

Баянауылға келген туристер енді қазақ киносының атасы Шәкен Айманов пен ұлт мақтанышы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кіндік қаны тамған жерлерге бара алады. Олардың шығармашылықтары жайлы арнайы дайындалған мамандар бірнеше тілде ақпарат береді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында Баянауылда жаңа туристік бағыт ашылды. Былтырдан бері мұнда шетелден келетін қонақтарды қарсы алу үшін ерекше кешендер құрылған. 11 саяхаттық бағдар белгіленген. Онда негізінен тарихи-мәдени орындар, көне қалашықтар және табиғи көркем жерлермен таныстыру жоспарланған.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу