Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі ашылды

12.09.2014
Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі ашылды

ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың 100 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтілуде.

Бүгін Алматы қаласында жаңадан ашылған кинотеатрда Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі басталды.

Қазақ киносының атасы атанған шебер түсірген фильмдерде реквизит ретінде пайдаланылған киімдер көрмеге қойылды.

Фестиваль аясында Шәкен Аймановтың үздік туындылары тегін көрсетіледі.

Дәурен ДАРИЯБЕК

 

Хабарламаларға жазылу