«Көшбасшы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көшбасшы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі жарық көрді

28.11.2014
«Көшбасшы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі жарық көрді

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» деп аталатын төртінші бөлімі жарық көрді.

2011 жылы түсірілген «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының алғашқы бөлімі «Балалық шағымның аспаны» деп аталса, екінші, үшінші бөлімдері «Отты өзен» және «Теміртау» деп аталған болатын.

Фильм 4 желтоқсаннан бастап, Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Фильмнің «Тығырықтан жол тапқан» бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртау мен Қарағандыда өткен 70-80 жылдардағы өмір жолы бейнеленеді. Бұл кезеңде елбасы металлургия комбинаты мен Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған.

Хабарламаларға жазылу