Елбасы туралы киноэпопеяның төртінші фильмі экранға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы туралы киноэпопеяның төртінші фильмі экранға шығады

20.08.2014
Елбасы туралы киноэпопеяның төртінші фильмі экранға шығады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі түсіріліп бітті.

«Партком хатшысы» («Секретарь парткома») деп аталатын фильмде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің партия басшысы ретінде қызмет атқарған өмір жолдары баяндалады.

Түсірілім жұмыстары Қарағанды облысында және Мәскеуде жүргізілген. Фильмге қазақстандық актерлермен қатар, Валентин Гафт, Владимир Стеклов, Ксения Раппопорт, Евгений Сидихин, Евгений Стычкин сынды ресейлік әртістер де қатысты. Жоба режиссері - Рүстем Әбдірашев.

«Партком хатшысы» көрермендерге  2014 жылы желтоқсанда жол тартады, деп деп хабарлайды kinostan.kz

 

Хабарламаларға жазылу