Елімізде 34 мәдениет қайраткері Мемлекеттік сыйлыққа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 34 мәдениет қайраткері Мемлекеттік сыйлыққа ие болды

01.01.2015
Елімізде 34 мәдениет қайраткері Мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Оларды Мемлекет басшысы мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Ақордаға арнайы шақырып, марапаттаған еді. Елбасы оларға «Парасат», «Құрмет» ордендерін табыстады.

Ең жоғары жүлдені өнер майталманы Айман Мұсақожаева «Қазақстанның Еңбек Ері» иеленді.

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының әншісі Салтанат Ахметова «Үлкен опера» телевизиялық жобасының жеңімпазы атанды.

Қазақ қызы қарышты қадамымен халықаралық аренада отандық опера саласының деңгейін қалыптастырды.

Ал, Татарстанда өткен халықаралық «Тurkvizyon – 2014» байқауында Жанар Дұғалова жеңімпаз атанды. Жерлесіміз 25 әншіні артта қалдырып, 225 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алды.

Киноиндустрия саласында көрермендерге «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі жол тартты. «Тығырықтан жол тапқан» атты фильм Мемлекет басшысының қазақ металлургиясының жағдайын көтеруге ұмтылып, саясатқа қадам басқан сәттерін суреттейді.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу